Қазақтың қара емі арғы тегіміз көшпенділерден басталады. Көшпенділер жазу-сызусыз көргенін көңілге тоқыған. Әрбір іске зейін қойып, оның мағыналық мәніне терең үңілген. Ғасырлар бойы ізденіс жасап көшпенді ата-бабаларымыз ғаламат ғұламалықтың арқасында адам үшін, оның асыл денсаулығына табиғат пен адам арасындағы күшті қатынастардың бір-біріне деген тылсым құдіретінің бар екенін, оның нәзік қатынастарын есептей келе, өте қарапайым амалдар арқылы емі жоқ қатқыл сырқаттарды көшіп-қонып жүріп-ақ емдеп жазған. Қазақ даласында емі жоқ ауру болмаған. Қазақ ұлтының осы зерек ой-парасаты, асқан талап-таланты - бұл әлемде теңдесі жоқ дүние.

среда, 7 октября 2015 г.


Кіріспе
Үрмет Алмаханбетұлы 1947 жылы 24 наурызда дүниеге келген. Әкесі Алмаханбет Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан. Анасы Әпия 20 құрсақ көтерген, бірақ балалары 3-4 келгенде шетінеп кете берген. Балалары өте көп өлген.
1946 жылы күйеуі соғыстан оралғаннан кейін, осы Үрмет баласын көтерген. Әбден қажыған анасы балалары өле бергеннен кейін, Үрмет ұлын туарда тау арасындағы үңгірге жалғыз өзі келіп, сонда босанған. Күн өте суық болған, жерде іздің қар болған екен, от жағып, бір жеті бойы сол үңгірді паналаған. Баласын ел көзінен тасада 8 жасқа дейін ұстаған. Бұл оның 21-баласы.
Үрмет Алмаханбетұлы 1973 жылы Ауылшаруашылық институтын бітірген. Түрлі жылдарда лауазымды қызметтер атқарған.
Әкесі Алмаханбет керемет емші болған адам. Баласы Үрметке «Ұлым, ерте ме, кеш пе, бұл менің бойымдағы қасиет саған ауады, сені қинап, ауыртып денеңе кіреді, бұл біздің тегіміздегі, қанымыздағы қасиет. Менің саған ескертетінім, бұл емнің құдірет сырын тіс жарып дабыра жасама, бұл ем біздің тегіміздегі кие». 96 жастағы Алмаханбет қария қолын жайып, аузына түкіріп, Үрмет ұлынан ант алып барып, батасын берген.
Әкесі дүниеден өткен соң, Үрмет емші 37 жасында өте қатты сырқаттанып, 2 жыл бойы сал болып ауырып жатқан. 39 жасында ауырып жатып, түсінде аян көріп, бойына бір құдіретті күш әсер етіп, осыдан соң орнынан тұрған. Бұл қонған құдіретті күш өз атасынан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өте үлкен емшілік жолы еді.
Көшпенді ата-бабалардан жалғасқан қазақтың қарапайым қара емі қазір ұлтымыздан жойылып кеткен.
Осы күнде халықтың Үрметті «құпия аурулардың көріпкелі», аурудың безін иненің көзінен өткізетін өте өткір әрі білгір, асқан дарынды, нағыз шипагер деп айтады. Бұған дәлел - Үрмет емші тамырдан дене ағзасындағы жүрек соғысының үлпе толқынынан, қан түйіршіктерінің үйлесімсіз соғуын, белгісіз дене тыныс бітіміне кенеттен сұрқия салмақ тастайтын түрлі жасырын сырқаттарды, жыннан жабысқан, қаннан кереғар бұзылған, шешімі табылмаған қандай қалыпсыз сырқат болсын, дәл анықтайды.
Адамға ауру қалай жабысқанын, іштен тумадан келген сырқат па, жығылғаннан болған ба, қатты шошынғаннан ба, кереғар біреуден жұққан ба, ай сәулесінен не оның саңынан болған ба, әлде түрегеп тұрып түнде су ішкеннен бе, ерін жалақ сілекей сүйіскенннен бе, астан ұшынғаннан ба, жыныс қатынасынан ба, көз тигеннен бе, тіл тигеннен бе, әлде өзі біреуге қасақана қиянат жасағаннан ба – міне, осыларды тамырдан анықтап табуы, кімді де болса таңғалдырмай қоймайды.
Қаншама уақыт осы кісіні танып-біліп, зерттегеніммен, көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын, сөзбен дәлелдей алмайтын емшінің ем тәсілінде үлкен бір әсердің бар екенін білсем де, оны мен нақты дәлелдей алмадым. Қиын да қырсық, сыры белгісіз ауыр науқастардың қайта жаңарып, аяққа тұрып жазылғанын өз көзіммен көрдім. Ол кісі науқастарға шөп дәрі немесе дәрі беріп жатқан жоқ. Қайта небір тілдері күрмелген, есін еміс-еміс білетін сал аурулары, инсульт, қант диабеті, инфаркттердің ішіп жүрген дәрілерін ішкізбей, тек Құранды дауыстап оқып, оларды жазып, қалпына келтіруіне таңданбасқа бола ма?
Бұл кісіні ғайыппен жалғасқан адам десем, артық айтқаным емес.
Үрмет емші өзінің емі жөнінде сөз қозғап, дабыра жасамайды.
Бірде мен Үрмет емшіге «рұқсат етсеңіз, мен сіз жайында жазғым келеді» деп сұрандым.
Үрмет емші «Қазір не көп, емші көп, мені жазғанда оны тыңдайтын құлақ болса, жаза бер. Есіңде болсын, әлемнің егесі бар, жердің киесі бар, айдың басы-аяғы бар, жер киесіне сыйынып, күн санап, төрт мезгілді есептеп, әрбір тоғыз күнде жер әлемінде бір-біріне ұқсамайтын өзгерістер болатынын біл. Адам баласына жабысатын дерт-кеселдерді екіге бөл:
1.Белгісіз жабысатын сырқат;
2.Белгілі кесел.
Мені жазатын болсаң, осыдан баста, қызым» деді.
Үрмет емшінің маған берген тапсырмасында не деген ғаламат ойлар жатыр. Шын мәнінде бұл кісі тек емші емес, асқан дарынды, шексіз ғұлама адам екенін жасыра алмадым. Осыдан бастап ел арасында мұндай ғаламат адамның көзге көрінбейтін тылсым қасиеті жайында жазуға бел байладым.
Қазақтың қара емінің қыры мен сырын терең меңгерген бұл кісі неге бұл емді құпия ұстайды?
Емделген адамдар өздерінің қандай ем-әдіс амалдармен емделіп жазылғанын білмеген. Тек өз ауру-сырқаттарын айта келіп, «Үрмет емшіде бір құдіретті күш бар, бұл кісінің тамырдан ұстап, сырқатыңды дәл тауып айтуы, кімді де болса таңғалдырмай қоймайды. Ал алдында отырып емін қабылдағанда, ауыратын жеріңе бірден әсер етеді. Емі барлық денеңді шарпиды. Қай жеріңде жүйкелік сезімің шаршағанын, денеңдегі ісік-түйіндер жойылып, қаныңның тазарып, қалпына келгенін тез сезінесің» деп жазады.
Үрметтің емін алып жазылған адамдардың сөздерінен үзінділерін ашық жазғанды жөн көрдім. Онда қазақтың қара емі туралы алғаш рет сөз қозғалған.
1993 жылы тамыз айында Түркістан қаласынан Сараның жазғанынан үзінді келтірдім.
«Анам сырқаттанып, ішкен тамағын сіңіре алмай, құсып қатты қиналды. Аурухана, емші бізден қалмады. Дәрігерлер асқазанында рак (обыр) кеселі деп айтты. Біз қатты әбігерге түстік. Күтпеген жерден «Түркістан қаласына Үрмет емші келді» дегенді естіп, мен анамды ертіп, ол кісінің алдына келдік. Анамды «өледі» деп, бауыр-туыстарымыз күдерімізді үзгенбіз. Анам әбден жүдеп кеткен еді. Алайда біз күтпеген жағдай болды. 2 айда анам Үрмет емшінің емінен кейін қалпына келді. Отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш еді. Анамның дастархан басында отырғандағы әңгімесі тек Үрмет емші жайында болатын. «Қапқа салған жылқының қиының үстіне отырғызып емдегеніне таңғаламын. Апыр-ай, не деген қасиетті адам. Қазақтың қара емі дегенді естімеген едім» дейтін. Сол бір кездегі отбасымыздағы қуаныш - анамның тәбеті ашылып, дастархан басында жанұямызбен күліп-ойнап отырған сәттеріміз қандай керемет. Мен он алты жастамын. Біздің осы қуанышымызға себепкер болған Үрмет емшіге, ол кісінің еміне мен шын мәнінде тереңірек көңіл аудармаппын. Анамды ауруынан қалай жазды, анамның «қазақтың қара емі дегенді естімеген едім» деген сөзі ғана есімде қалды. Үрмет емшіге жанұямызбен алғысымызды білдіремін.»...
Көшпенді ата-бабаларымыз алдына салып жайып жүрген төрт түлік малының ішкі құрылысының өзінен адамға ем үшін қажетті нәрселерін өте көп пайдаланғанымен тұрмай, олардың қиының өзін күрделі ауруларға пайдаланып, ем жасаған.
Әрбір малдың қиының құрамына байланысты әртүрлі сырқаттарға қолданған. Мал қиының өзін төрт мезгілге Көктем, Күз, Жаз, Қыс бөліп, қай малдың қиын қай мезгілде алып қолдануға болатынын білген.
Мысалы:
1.    Қи май - қой-ешкі қиынан жазғы шілдеде өртеп, арнайы ыдысқа құйып қи май алған. Қи май жазылмайтын қотыр, өте күшті аллергиялық қышымаға, бұзаужалаққа, қара теміреткіге, көтеуге, жыныстағы жұқпалы соз сырқатына, көз жараларға таптырмас ем;
2.    Түйенің қиы - жүйке сырқаттарына, тек қысқы шілдеде Буралардың бусанған қиы мыңнан бір ем;
3.    Жылқы қиы - қанның құрамындағы түрлі жүқпалы құрт ауруларына, әсіресе бауырда кездесетін түрлі дерттерге: қанның шірігі, ішке түскен қатерлі түйіндерге және сыртқа түскен түрлі бездерге, әйелдерде кездесетін жатыр мойын ісігі, эрозиялық жұқпалы сырқаттарға әсері өте күшті.  
Емшінің жылқы қиын қапқа салып, оның үстіне сырқат адамды отырғызып ем жасауы, қарап отырған адамға жай әншейін сияқты. Бірақ емшінің бұл амалының құдіретті сыры - науқастың жүйкесіне әсер ету арқылы қан құрамындағы түрлі вирустарды тазартуында. Бұл қазақтың қара емінің ештеңемен теңестіре алмайтын, құпия ем тәсілі.

                                ___________________________________

           Байқоңыр қаласынан Жаңагүл апаның алғашқы рет терең қазақтың қара емі жөнінде жазған мақаласында емшінің жасаған емдерінің сырын айта келіп, «оның несін айтамын, жанұяма жазылып, оралғаным менің өмірдегі естен шықпайтын байлығым» деуі, емшінің нағыз дарын иесі екендігінің дәлелі. Төменде  Жаңагүл апаның  баспасөз бетіне жазған мақаласын сол қалпында жаздым.
«Дәл қазір ғылым мен техниканың шарқ ұрып, шегіне жеткен кезі десек те, адам денсаулығына қанша зейін қойғанымен, белгісіз сырқат сырын, адамның ағзасындағы құпиясын әлі де шеше алмай келе жатқан мәселелер өте көп. Ықылым заманнан бұрынғы өткен өз тегіміз көшпенділер адам денсаулығына қатты көңіл қойып, сан түрлі сырқаттың құпиясын саралай келіп, құпия сырқаттардың да шипасын тауып емдеп, оны ары қарай болдырмай, жойып жіберген.

1.             Қазақтың қарапайым қара емі деген не?
2.             Қазақтың қара емін өз жұртымыз, өз ұлтымыз біле ме?
3.             Ол жалпы қазір бар ма?
4.             Қазақтың қара емі  құпия ауруларды қалай емдеген?
5.             Құпия ауру деген не?
6.             Адам белгісіз ауруды ауырмай тұрып неге сезінбейді? Жарық дүниеден бірден күдер үзіп, өзін оп-оңай қалайша құрбандық етеді? Мүның сыры неде?
7.             Қазақтың қара емінің киесі қонған киелі ұрпақ неге 63-ке келгенше жасырып ұстады? Қыры мен сыры белгісіз қиын сырқаттарды емдеп жазғанда, неге мен емдедім деп дабыра жасамай салқынқандылықпен сыр ашпады? Оның ұстазы – өз әкесі неге баласына қатал тапсырма берді?
8.             Қиын да қырсық сырқаттан жазылған адамдар бір түйір дәрі ішпей жазылғанда, өздерінің қазақтың  қара емімен емделгенін біле ме?
9.             Халқымыз үшін емшіге мемлекеттік қамқорлық керек деп бірнеше облыстық, республикалық басшыларға хат жазған адамдардың сұранысына неге көңіл бөлінбеді?
Басымызға сырқат салмағы түскен біз жақсылық көрген осы бір ғажайып адам жөнінде қалам тарттық. Өйткені, бұл емші қазақтың қара емін жоғалтпай, жалғастырып отырған, атадан балаға беріліп келе жатқан қазақтың қара емінің соңғы ұрпағы десек, қателеспейміз.
Қазақ даласы ұшы-қиыры жоқ кең дала. Текті көшпенділердің асқан жүректі, бет қаратпайтын ерлігі осыншама бай жердің бір қадамын да бөтендерге бастырмаған. Аталарымыз ақ сақалымен, шапанының етегімен, әжелер ақ жаулығымен, шолпысымен, ұшы-қиыры жоқ шексіз көсілген жерді қорғап, өздерінің келешек ұрпағы – мына біздерге мұра етіп қалдырған.
Қазақ сахарасында қазақ ұлты адам қажеті үшін қандай сала болмасын, небір ғаламат ғылымды меңгерді. Адам мен табиғат арасындағы белгісіз құдіретті күштің бар екендігі, бұл құбылыстарды қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтынына көз жеткізіп, табиғатта болатын құпияны жылдың мезгіліне бөліп, жаз, көктем, күз, қыс деп, олардың өзін айға бөліп, айдың өзін күнге бөліп, қандай нәрселердің айдың қай күнінде болатынын және оның орындалатынын дәл болжап, дәл уақытын анықтаған.
Кеңес өкіметінің төңкерісі қазақ ұлтына тікелей зорлық жасады. Қудаланған қазақ ұлты өз кіндік қаны тамған жерін тастап, жан сауғалап, басқа елді паналап, үдере көшті. Басы ауған жаққа тарап, тоз-тозы шығып, аштыққа ұшырап, қырылды.
Елде қалған көзі ашық, көреген, ілімді, лауазымды адамдарды, небір ұста-шеберлерді молдаларды темір торға қамап, оларды аяусыз жазалап, атып тастады.
Атадан балаға қалған қолөнер, бағалы алтын-күмістер, домбыра, қобыз, тоқыма аспаптар, ер-тұрман әбзелдері, киіз-үй жасаулары, құлып, қоңырау, кісен, ағаштан жасалған бұйымдар бөтен қолға түспес үшін қашып бара жатқан ел жер қазып көмді. Шыңырау құдықтарға тастады, өртеді. Қашқан елде береке бола ма? Тегімізден келе жатқан ғасырлар бойы сынның сүзгісінен өткен ғаламат қазақ ғылымы ұлтымыздың тірнектеп жиған салт-дәстүрі, үлкен мәдениеті, соның ішіндегі адам денсаулығы үшін керемет амал-айла емдері жойылып кетті.
Әлемнің тербелуінен туатын түрлі табиғат күш толқындары, барлық тіршілік дүниедегі жан тербелісіне қатысты қатынастардың жансыз дүниеден тірі жанға зат алмасу, әсер күшінің бір-біріне күрделі қылдай құдіреттерін есептеп, адамның жан ләззаты, денсаулығы үшін жүйкеге түсетін құпия салмақтарды дәл тауып, өте қарапайым амалмен емдеген. Көшпенді бабаларымыздың емінің өте қарапайымдылығы сол, көшіп-қонып, аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ небір қиын сырқаттарды емдеп жазған. Ата-тегіміздің қара емі қазір ұлтымыздан ұмытылып, ажырап қалды. Тіпті толығымен жойылып кетті десе те болады. Ел арасында бірен-саран кейбір түрлері ғана кездеседі.
Адам өз тегіне тартады. Түбінде бар қасиет қашанда ұрпаққа беріледі. Дарын оқытуды қажет етпейді. Дарын - белгісіз, тылсым күш. Ол – құпия. Дарын – ана құрсағында жатқан балаға ол өмірге келмей жатып-ақ дариды. Адамның өмірі қажетті нәрселерде мұқтаж. Өмірінің бірінші күші – саулық, денсаулық.
Ата-бабаларымыз адам денсаулығы үшін керекті орындалатын ем тәсілін тоғызға бөлген, мұны терең зерттеп, зерделеген: тамыршы, сынықшы, құмалақшы, жұлдызшы, бақсы, сәуегей, жауырыншы, қожа-молда жолы, шөпші, сиқыршы, көзбояушы.
Үрмет емшімен кезінде үзеңгілес қызметтес болған, қазіргі жазушы Сарманбай Исақ былай дейді:
«Мен Үрмет Алмағамбетұлымен қызметтес болып жүргенде таныстым. Үрмет бір мекеменің бастығы, мен әкім болып істедім. Біз көп кездесіп жүріп, соңы достыққа айналды. Үрметтің өзі коммунист бола тұра, бүкіл әлемнің егесі, жаратылыстың жаршысы бір Алла деп көп әңгімелер айтатын. Шынында мен бұған басқаша көзқараспен қараушы едім. Досымның көңілін қимай тыңдайтынмын. Кейінгі кезде ол ауырып, қабағы қатайып, біртүрлі бола бастады.
Егемен ел болдық. Үрмет екеуміз бір-бірімізді көп жылдар бойы көрмедік. «Оңтүстік Қазақстан» газетінен «Құпия аурулардың көріпкелі» деген үлкен мақалада Үрметтің асқан тамыршылығын, қиын аурулардан арылған адамдардың алғысын оқып, менің таңданбасқа шамам қалмады.
Үрмет Алмағамбетұлы Қазақстанның халық емшісі, атақты тамыршы, сыры белгісіз ауруларды тамырдан ажыратып, ес-түссіз адамдарды есіне келтіріп, инфаркт, инсульт, күрделі іш-құрылыстағы беймәлім түйін, қан сырқаттарын бір түйір дәрі бермей жазғаны – үлкен дарыны. Бұл кісіге құдіреттің, күштің бір Алладан берілетініне көзім жетті. Үрмет емшіні «халықтың құпия ауруларының көріпкелі» деп атағаны тамаша теңеу».
Мен Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында тұрамын. Өмірден күдер үзген адам едім. Бір Алланың құдіретті күшімен, Үрмет емшінің себебімен бұл дүниеге қайта келдім. Менің мазамды алған сырқат түрі – бауыр циррозы. Байқоңыр қаласында, Қызылорда қаласында ауруханада жаттым, өзгеріс болмады. Жолдасым, туыстарым менен күдер үзе бастады. Мен үшін қайда апарарларын білмей қиналып кетті. Ойламаған жерден Астанадан шығатын «Из в рук руки» газетінің ішінен Үрмет емші жайлы оқып, ол кісімен сымтетік арқылы сөйлесіп, жолға шықтық. 2005 жылдың шілде айы болатын. Шымкентке келіп, емшінің есігін қақтық. Үрмет емші бір түйір дәрі ішкізбеді. Емдеген әдістерінің несін айтайын? Бір айдан аса емделіп, аман-есен жазылып жанұяма оралдым. Күні бүгінге дейін бір жерім ауырып, бауырым қайта көтерілген емес. Сол емделген жылдары менімен бірге омыртқалары қисайып кеткен, есінен адасқандар, рак аурулары, жылан шаққандар, инсульт, сал ауруларының жазылып шыққандарын көрдім. Бірақ мен Үрмет емшіге мән бермеген екенмін. 2009 жылы жолдасым мазасызданып, ауруханада дәріленді, жазылмады. Бүкіл жүйкесі ауырып, қол-аяқтарындағы тамырлары адырайып, сыртқа шығып кетті. Тағы да Шымкентке келіп, емшінің есігін қақтық. 22 күн ем алған соң сенер-сенбесімді білмеймін, жолдасымның адырайған тамырлары жоқ болып кетті. Мұндай құдіретке не дейсіз? Жүйкесі де орнына келіп, жазылып, аман-есен ауылымызға қайттық.
Осы келгенімді пайдаланып, атақты тамыршы, қажы, «құпия аурулардың көріпкелі» Үрмет шипагер емшіні тереңірек білгім келіп, қолы бос кезде жолығудың сәтін тауып, әңгімелестім. Ағаның ашық-жарқын әңгімесі, адамды үйіріп әкетуі былай тұрсын, өмірде көрмеген, тіпті ойламаған адамның қиялына ой тастайтын мазмұны мен мағынасы өте терең  шешен, өте алғырлық сезіммен беріле сөйлейді екен. Ол кісі сөзін былай деп бастады:
            - Адам өмір-бақи өлмей, тірі жүргісі келмейді. Адам жай әншейін өлгісі келмейді. Тірі тіршілік, жарық дүние, бұдан қымбат ештеңе де жоқ. Адам туғаннан бастап қолына ілінгенді аузына салады. Әрбір адам өз алдына бір құрлық. Адамдар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Түрі, түсі, жан-дүниесі, тіпті орналасу мүшесі, жүрегінде жүріп тұрған қаны да бөлек.
Ауру тәрбиеге көнбейді. Денеге кірген дерттен емшінің құдірет күші, амал-айласы артық болса, сонда ғана емдеп жазуға болады. Ал емшіден аурудың киесі күшті болса, онда ауру емшіге ауады. Дүниеде ең жаман нәрсе, емшінің біреудің ауруымен ауырып өлуі.
Қазақта «Науқастың көңілін түске дейін сұра, түстен кейін барсаң, кеселі саған ауады» деген нақыл бар. Барлық сырқаттың киесі, егесі болады. Адамға шипа күн шығып келе жатқанда және күн батар кезде қонады. Адамның мінез-құлқының өзі ауру және сау болып екі түрге бөлінеді.
Ажал айла таптырмас. Бүкіл әлем Жаратушының қолында. Әрбір адамның тағдырын Алла пешенесіне жазып қояды екен. Менің жасап отырған жұмысым себепкершілік. Мен де Алладан жалбарынып сұрап, жанға араша түсемін. Өйткені, Жаратушым бір Алла бірді бірге себепші етіп жаратқан. Менің ұстап отырған жолым – бұл менің тегімнен үзілмей келе жатқан жол.
Менің әкем 96 жасында емшілік жолын тоқтатты. Маған «көзімнің ағы да, қарасы да сенсің, жалғыз ұлым. Бұл шипагерлік біздің қанымызда, тегімізде, тұқымымыздағы мықтылық. Менің үйреткендерімді 60 жастан асқанша ешкімге тіс жарып білдірме, айтушы болма. Сол кезде сенің ақыл-ойың, парасатың толық жетіледі. Сонда өзің түсінесің. Маған қолын жайып «қазаныңда қара су қайнаса да қарның тояды. Ұрлықпен, өтірікпен мал таппа, қызылкөз болып, дүниеге ұмтылма. Әр нәрсе өзінің тегіне тартады. Тегі жоқ текті бола алмайды. Халқыңа еміңді сатпа, аз нәрсеге қанағат қыл. Қыл шылбырмен қамшыңды тастама» деп ақ батасын беріп, аузыма түкірді. Мен әкеме ант еттім. Менің әкем 97 жасында түске дейін ат суарып келіп, түскі шай үстінде менімен кәдімгідей қоштасып, маңдайымнан сипап, ауырмай-сырқамай мәңгілік сапарға аттанып кетті. Маған әкем жылан, қарақұрттың уын оқып қайтаруды, қан алу мен тамыр соғысын үйретті. Бұл қасиет саған ары қарай даритын болса, қатты ауырып, денеңе кіреді деді. Айтқаны рас болып, мен 3 жыл орнымнан тұра алмай ауырып барып, осы жолға түстім.
Құпия ауру қас-қағым сәтте орындалатын үлкен қайғы. Ұйқыда жатып жан тапсыру, өзін-өзі асып өлтіру, бірден ес-түссіз құлау. Бұл сырқатқа шалдыққан адам жан-дүниесімен іштей арпалысып жатса да, ешкімге білдіртпеуге тырысады. Өйткені, аурудың киесі осындай. Ажал құрсауынан шыға алмайды. Арты қайғымен аяқталады.
Осы күні қарап жүрсек, инфаркт, инсульт, қан сырқаты көтеріліп, жыныс аурулары, әйелдердің кеуде ісігі, асылып өлу жиіледі. Біздің қазақ жұрты ата-тегінде бұл сырқаттар болмаған. Неге десеңіз, мұның бәрінің емі бар. Бұл ем – қазақтың қара емі...
Өз көзіммен көргенді айтайын. Үрмет емшінің асқан тамыршылығының куәсі болдым. Жасы елуден асқан бір әйел өзінің күйеуін ертіп келіп, Үрмет емшіге көрсетті. Тамырын ұстап болған соң «сізге бір ауыз сөзім бар. Күйеуіңіз сыртқа шыға тұрсын» деді әйелге қарап. «Көңіліңізге келмесін, күйеуіңіз аспа кеселмен ауырып тұр» дегенше болмай, әйел орнынан ыршып тұрып: «сіз не болса соны айта береді екенсіз!» деп есікті қатты жауып шығып кетті. Көзімізше болған осы әңгімеден соң біз қатты ыңғайсызданып қалдық. Сол күн кешке  6-7-лер арасында әлгі әйел «күйеуім асылайын деп жатқан жерінен балам көріп қалып, құтқарып қалды. Енді не істеймін» деп жылап хабарласты. Үрметтің тамырдан ажырататын қасиетін осыдан кейін қалай мойындамасқа?
Екі қолы күйіп, еттері бөлініп түсіп, қанап тұрған бір келіншекті емдеді. Адам сенсе нанғысыз. Емдегеннен кейін әлгі келіншектің қолы бір тыртығы жоқ, жып-жылтыр болып жазылды. Емшінің емінің құдіреті – үлкен ғылым. Бұған жай көзбен қарауға болмайды.
Тілі мен тісінің арасында сақтанған Үрмет емшінің құпиясының адам емдеген амал-тәсілін сөзбен айтып немесе көзбен көру мүмкін емес. Құран сөзімен алғаш аспаптар арқылы түрлі дерт кеселді жазып, талайды таң қалдырып, таңдай қақтырып, адамның жан дүниесін қайта өмірге жалғап отыр. Атақты тамыршы, «құпия аурулардың көріпкелі» Үрмет қажы ашық та айқын менімен сөйлескенімен, өзінің құдірет дарынынан сыр ашпады.
Халқымыз жоғарыда отырған лауазымды адамдарға хат жазғанда еріккеннен жазбайды. Адамдарға асыл денсаулық керек. Сол үшін емшінің еміне қамқорлық қажет. Жазылған көптеген адамдар қолына қалам алып, өз есімдерін газетке жаза бермейді. Бұл емші көптің бірі емес, ерекше дарынды адам. Үрмет емші бір өзі бір академия десем, қателеспеймін.
Ата-бабаларымыздың ем-домын жұртымыз білсе, зерттесе, үйренсе, сонда біз өз тегіміз көшпелі елдердің еш жерде, әлемде кездеспейтін ем-домын жоғалтпас едік. Қаншама кісілер өз дертіне шипа іздеп жүр. Үрмет емшінің ем қабылдап отырған үйі аядай бөлме. Өзіне де, келген адамдарға да үй тарлық етеді.
Қазақ азаматтары, мырзаларға көптен-көп өтінішпен халқымның денсаулығы үшін Үрмет ағаға демеушілік жасаңыздар, қаншама халықтың рахметі сіздерге нұр болып жауар еді дегім келеді.»
Байқоңыр қаласы, Жаңагүл. 2005 жыл   



пятница, 2 октября 2015 г.

Исцеление от неизведанных болезней есть...



Мы с вами живем в эпохе, когда научно-технический прогресс достиг пика совершенства. В нашей жизни имеют место быть научные достижения и достижения высоких технологий. Но сколько бы внимания и усилий вопросам здоровья и спасения жизни со стороны науки не уделялось, она бессильна приостановить и исцелить от раковых заболеваний, суецида, комы, наведения порчи и тому подобных неизведанных болезней. Эти болезни не поддаются законам науки и ее методов и достижений не достаточно, чтобы исцелить от них. 
Сегодня человечество перестало замечать мир вокруг себя и тем более уделять внимание тайнам мира. Многие из нас не знают что среда, в которой мы обитаем, скрывает неизведанные силы и явления, и мы в любой момент можем оказаться ее невольником.
Наука развивается и движется вперед, а тайна мира остается все так же неизведанной и не постигнутой  для человеческого разума. Не стоит забывать о том, что она в любой момент может поглотить в себя, перешагнув в ее сторону, человек подвергается риску стать жертвой неизведанной болезни, «имеющего покровителя»  - падучая болезнь - эпилепсия, кома, суецид, психические расстройства, инфаркт, инсульт…
Наши предки – кочевники из древних времен уделяли особое внимание неизведанным болезням, постигали их секреты и знали методы исцеления от них, предотвращая их дальнейшее проявление.  Казахи  по методу исцеления разделяли целителей на следующие категорий: тамырши, костоправ, гадатель по катышкам, звездочет, знахарь, мулла-хадж, предсказатель, лекарь лечебными травами, колдун, очковтиратель (аферист).
Всевышний одарил наших предков такой мощью и силой, этот дар с тех времен передаваясь от поколения к поколению сохранился и до нашего века. Есть поколение, которое  не утеряв дар предков, продолжает идти по их великому пути – пути кочевников казахов – исцелять от неизведанных болезней. Это – Урмет ага.
Урмет ага определяет болезни через кровеносные сосуды, ставит защиту от трудных и тяжелых заболеваний, предвидя заранее опасности для здоровья человека, обратившегося к нему за помощью. В течении 300 лет его предки сохраняли и передавали своим детям эту способность и дар. Он 9-ый  потомок обладателей дара исцеления.
Урмет ага лечит все болезни, недомогания, расстройства Кораном. Превознеся имя Всевышнего чтением священных сур Корана, он просит исцеление души, тела и разума для больного. Его чтение Корана исцеляет от таких болезней как: инфаркт, инсульт, кома, суецид, паралич, расстройства центрально-нервной системы, внутренних органов, астма, сахарный диабет, эпилепсия, раковые и вирусные заболевания, гепатит С, бруцеллез, остеомилит, бесплодие, киста матки, миома, маститы, психические расстройства,  а также снимает и ставит защиту от сглаза и наведения порч. Также при лечении пользуется древнейшими исцеляющими инструментами казахского народа: кнут, молоток и клин. Урмет ага в лечении не использует лечебные травы и таблетки, а тем, кто их потреблет запрещает  их прием.
Его дар выведения яда змеи, каракурта и клеща из тела человека не поддается объяснению с научной точки зрения.
Урмет ага обладает невидимой силой исцеления, и в этом исцелении присутствует божественная сила, которую ощущает каждый, кто обращается к нему за помощью и исцелением.
Этот дар кочевники называют могущественным исцелением. Сегодняшнее поколение не интересуется наследием наших великих предков и многие даже не знают о таком исцелении, до этого дня оно не было исследовано, а ведь это способствовало бы улучшению здоровья и сохранению жизни большинства людей.  Для здоровья детей и их светлого будущего человечество должно ценить его дар, исследовать тайны мира и методы излечения от неизведанных болезней.
Урмет ага был наделен силой исцеления еще находясь в утробе матери, и тогда уже было решено Всевышним, что он родится на благо и радость тех людей, которые исцелились от болезней благодаря ему и ищут исцеления до настоящего дня.
Ниже привожу историй людей с их слов, которые исцелились от болезней.
Гульшат, г. Тараз: "В области груди появился узел. Я сильно страдал от последствий. Не прислушиваясь к словам врачей и не согласившись с их уговорами удалить узел, я обратилась с надеждой к Урмет ага. Лечение продолжилось 22 дня. Узел исчез. Я исцелилась от боли, которая меня мучила полностью".
Бауыржан, Сайрамский р-н, с. Жибек жолы: "Я много лет страдал от заболевания печени. В итоге я согласился на операцию и оказался на операционном столе. Но это не избавила меня от боли. На протяжении 10 лет естественные надобности я выводил с использованием клизмы. Я стал ни к чему не годным. Благодаря Урмет ага я исцелился от этой болезни".
Керемет, Сайрамский р-н, с. Манкент: "В груди образовалась огромная опухоль. Я лишилась способности поднять вверх обе руки (тяжесть рук). В поисках лечения своего недуга отправилась в Ташкент, Ташми, но от лечения результата не было. Меня измотал прием лекарств. Я почти утеряла веру в то, что могу быть здоровой. Урмет ага  исцелил меня без приема лекартсв. Какая неизведанная сила...От болезни что измучила меня он исцелил очень простым методом не прибегая к лекарствам".
Максут, г. Арысь: "Мне 62 года. Долгое время меня мучила опухоль в боках. В поисках исцеления я побывал во многих местах. Я очень страдал от этой болезни. Не согласившись на предложение врачей в Алматы, я обратился к Урмет ага. На протяжении 33 дней я заметил, что моя болезнь отступила перед силой священного Корана, которым исцеляет Урмет ага. Он дейтствительно обладает неизведанной силой, меня удивило что какая бы болезнь не была, он побеждает ее без применения лекарств. Он запретил мне принимать которые я употреблял, во время лечения не прибегал к целебным травам и лекарствам. Стоит отметить,  что его метод исцеления передавался от поколения к поколению и сохранился до нашего времени. В какой бы сфере не было, острый ум, здравомыслие и обычаи казахского народа величествен. Ни у какого другого народа их нет. Что интересно, то что это исцеление охватывает все тело. Лечение происходит там, где есть болезни, возможно мы даже и не знаем о их существовании в нашем организме. По словам Урмет ага какая бы болезнь не была, у нее есть "покровитель", (хозяин, дух) не очистив организм изнутри не достичь исцеления болезни в общем. Я сказал бы, что правильнее будет начать лечение будучи здоровым, когла в наше тело не вошли носители опасных болезней как: инфаркт, инсульт, рак, туберкулез. При предварительном лечении вышеперечисленные и другие болезни не коснутся нас. После лечения Урмет ага наблюдается обновление и омоложение организма. Этот метод исцеления  - большая наука. Я считаю, что Государство во блага будущего казахского народа должно уделять внимание методу исцеления Урмет ага. 
        Моя надежда оправдалась: я исцелился от болезни которая меня измучила".