Қазақтың қара емі арғы тегіміз көшпенділерден басталады. Көшпенділер жазу-сызусыз көргенін көңілге тоқыған. Әрбір іске зейін қойып, оның мағыналық мәніне терең үңілген. Ғасырлар бойы ізденіс жасап көшпенді ата-бабаларымыз ғаламат ғұламалықтың арқасында адам үшін, оның асыл денсаулығына табиғат пен адам арасындағы күшті қатынастардың бір-біріне деген тылсым құдіретінің бар екенін, оның нәзік қатынастарын есептей келе, өте қарапайым амалдар арқылы емі жоқ қатқыл сырқаттарды көшіп-қонып жүріп-ақ емдеп жазған. Қазақ даласында емі жоқ ауру болмаған. Қазақ ұлтының осы зерек ой-парасаты, асқан талап-таланты - бұл әлемде теңдесі жоқ дүние.

пятница, 4 августа 2017 г.

Кеудемдегі түйінді емдеді





        Менің кеудеме қатерлі түйін пайда болды. Әрбірден жаныма иненің ұшындай нәрсе қадалып, түн ұйқы, күндіз күлкіден қалдым. Бұл сырқаттан құтылудың жолын іздеп, көп шапқыладым. Көрінбеген, көрмеген жерім қалмады, жазылудың амалын таппадым. Дәрігерлердің қойған диагнозы  ̶  кеуде обыры, ашығын айтқанда  ̶  рак сырқаты. Бірақ мен пышаққа өзімді бермедім, бұдан жазыламын деген үмітім үзілген жоқ. Ауырған адамда ес бола ма? Өзімді ұстауға төзімім таусылып, әлсіреп, шаршап, шарасыз жағдайға түстім. Қаншама емші-домшылардың да алдынан өттім.  Біреуді даттамаймын. Ешкімді мақтамаймын.
         Күтпеген жерден бір жақыным Шымкенттен шығатын "Ауырмаңыз" деген газетті маған беріп "оқып көрші, Үрмет деген емші ата бар екен саған себебі тие ме деп әкелдім" деді. Газетті оқып отырып, қара терге түстім. Тіпті, ауырған жерім де естеп шыққандай. Бұл не деген қасиет, қандай құдірет, біреуге айтсам, адам сенгісіз.
         Көп ойланбастан, "Ауырмаңыз" газетіне қоңырау шалып, Үрмет атаның мекен-жайын алып, поездбен Манкент станциясынан түсіп, емші атаның есігін қақтым. Үрмет ата сырқатымды дәл анықтап, "қызым шыдайсың ба, екі-үш ай емдеймін жақсы болып кетесің" деді.
         Үрмет атаның емін ала бастағаннан, денемде өте күрделі өзгерістер бола бастады. Ұйқым тынышталып, кеудемнің шаншып ауырғаны да тоқтап, мазамды алғаны қойып, бойымда басқаша бір жайлылық сезімі орнады. Екі жарым ай емделіп, өз қалпыма келіп жазылдым. Бірақ кете бергім келмеді. Менімен бірге емделген көптеген адамдар қиын сырқаттарынан айығып кетіп жатқанының куәсі болдым. Байқаймын, Үрмет атаның емінің құдіретіне мән беріп, көңіл қойғандарды мен көрмедім. Сондықтан осы бір құдіреті мол еммен көпшіліктің дертіне шипа дарытып жүрген Үрмет атаға деген ризашылығымды жазып жеткізгенді жөн көрдім.
         Менен қаншама жыл бұрын газетке жазған журналисттердің мақалаларынан үзінділерін келтіргенді жөн көрдім.  
         1992 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бірінші орынбасары, кейін бас редактор болған талантты журналист Оразхан Жарқынбек Үрмет тәуіп туралы көлемді "Ел жұртым ауырмасын, аман болсын" деген тақырыппен мақала жазған.
         "Мен Үрмет тәуіп туралы алғашқы әңгімені естігенде, Шығыстың сан тарау емші көзбояушылары жайлы аңыз әңгіменің арасына тап болғандай әсерде қалғаным рас. Әңгімелеп отырған адам кәдімгі көзі ашық, көкірегі ояу кешегі коммунистік идеологияның қайнарынан қанып ішкен, бұрынғы атеист ақжүрек ауылдас қонысым еді. Осы әңгімеден кейін мен Үрмет тәуіппен кездесудің сәті түсті."
         Оразхан Жарқынбек емшінің қасиетін жасырмай, асыра сілтемей, барынша түсінікті айта келіп, "Үрмет емшіні жазып жеткізу қиын. Өз көзіңмен көргенде ғана өзіңнің сенбеушілік пікірің естеп шығып, бұл кісінің ем құдіретін басқа біреуге мойындауға тырысасың. Өз көзіммен көргендерімді айтсам, өлі мен тірінің арасында отқа күйген шалажансар адамның таза тырыссыз жазылғанын, өзге емес, өзін-өзі танымайтын жындының есін жиғанын, өңешінен бір тамшы су өтпегенін адамның жазылып, қомағайланып ет асағанын көріп жағамды ұстадым. Үрметтің емінің құпиясы зерттеуді қажет етеді. Бұл кісінің киелі екеніне көзім жетті."  дей келіп, ол кісі "бірде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы М.Момыновқа арнайы жолығып, Үрмет емші жайындағы пікірін білгім келді.
         "Үрмет тәуіптің қасиетіне шек келтірмеймін, сенемін деген қысқа да нақты жауап алдым".
         Бұл кісінің әулиелік құдіретіне шек келтіру мүмкін емес, өйткені бұл кісінің емі ғылымға жатпайды."Оразхан Жарқынбек, Шымкент қаласы.
         Жазушы Сарманбай Исақ та "Үрметтің емінде терең құпия сыр бар. Қалай десең де бұл емшіні сырттан демейтін белгісіз күші бар екені белгілі. Оны сіз бен біз дәлелдей алмаймыз. Адамның денесіндегі белгісіз құпия ауруды тамырдан сезетін құдіреті  ̶  бұл дарын. Халқымыздың Үрмет емшіге берген теңеуі  ̶  құпия аурулардың көріпкелі деуі  ̶  жай сөз емес."
         Байқоңыр қаласының тұрғыны Тәңірбергенова Жаңагүл апа былай деп жазған: "Менің сырқатым - бауыр циррозы. Сегіз ай түрлі ауруханаларда төсекке таңылып, ем алдым. Дәрігерлер де, емшілер де маған көмек бере алмады. Жанашырларымның ең соңғы үміті Шымкенттегі Үрмет емші болды. Менің ең соңғы тынысым қалды. Арғысын несін айтамын, Үрмет атадан жазылып, жанұяма өз аяғыммен жүріп келіп, босағамды аттап, үйге кіргенде рас па, өтірік пе деп екі көзге ерік беріп, балаларымды құшағыма алып табыстым. Үрмет ата, құдіретіңе бас иемін.". Тәңірбергенова Жаңагүл, Байқоңыр қаласы, Қызылорда облысы.    
         "Бір жыл бойы бір аяғымның еттері бөлініп, іріп, сүйегі көрініп? қанды ірің ағып тұрды. Дәрігерлердің кесеміз дегеніне көнбедім. Үрмет емшіден үш айда құлан-таза жазылдым. Үрмет атаның құдіретіне бас иемін. Айтарым сол ғана." Әділбек Қабайұлы, Қарасу ауылы, Сайрам ауданы, ОҚО.
         Ажал айла таптырмайды, туралап келген ажал бір жұтым суға түйілдіріп өлтіреді. Бір жұтым сумен өлім аузында жатқан адамды ұшықтасаң жазылады. Барлық аурудың емі бар.
         Жасы жетпіске келген Үрмет ата қаншама жылдар бойы нешеме сырқаттарды әсіресе ракпен ауырған адамдарды аяққа тұрғызғанда, "мен емшімін" деп дабыра жасамаған және өз емінен өзгеге сыр ашпауы  ̶  бұл нағыз адамға тән қасиет. Сөз мәнісіне қарап мәміле жасауы, ауруларға деген шын беріліп емдеуі  ̶  бұл кісінің текті екеніне толық дәлел. Рак (обыр) сырқатын емдеу әлі әлемде жоқ. Бұл кісінің емінен кейін обыр ауруы адам денесінде мүлдем болмайды. Мұның дәлелі  ̶  адам денесіндегі қадақ тамырды шерту. Былайша айтқанда, жылқыда кездесетін мандам тамыры сияқты. Үрмет атаның ата-бабаларынан дарыған, күні бүгінге дейін сыры ашылмаған емінің сырын құпия ұстауы  ̶  бұл өзінің тегінен келе жатқан құдіретті емінің серті.
         Өз көзіммен көргендерімді айтайын: Астанадан келген тамағынан төрт ай бойы ас өтпей, бармаған жері қалмаған Ұлмекен есімді жас әйелдің қадақ тамырын қиып, екі күннен кейін тамағынан ас өтіп, тамақ жеді. Әйелдерде, ерлерде кездесетін жыныс ауруларының, іштен кемтар болып туылған балалардың, түрлі жаралардың жазылғанының куәгері болдым. Осының барлығы көз алдымда болып жатқан соң, мұндай ғажайыпға қалай таң қалмасқа?
         Осыдан бірнеше жыл бұрын 1992 жылы талантты журналист Оразхан Жарқынбек бұл кісінің өте дарынды ғажайып екенін жазған. Содан бермен қаншама жылдар өтті, қаншама кісілер ем алды. Күні бүгінге дейін Үрмет емшіге ел арасында жүрген ер-азаматтар осындай құдіретті емшіге қолдау көрсеткен емес.
         Алдымызда ағып жатқан таза бұлақ суын көрмейміз. Алыстағы өзіміз білмейтін өзендерге ұмтыламыз. Бірақ оның қаншалықты жақсылық әкелетініне есеп бермейміз.
         Үрмет атаның емі ғылымға белгісіз ем. Бұл кісінің емінің құдіретін тек емделген адам ғана біледі.


Хат иесі  ̶ Дүйсенбек Гулзира, ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы

Бекетов Абзал  ̶  ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы
Қалнияз Жаңбырбай  ̶  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы


27.01.2017