Қазақтың қара емі арғы тегіміз көшпенділерден басталады. Көшпенділер жазу-сызусыз көргенін көңілге тоқыған. Әрбір іске зейін қойып, оның мағыналық мәніне терең үңілген. Ғасырлар бойы ізденіс жасап көшпенді ата-бабаларымыз ғаламат ғұламалықтың арқасында адам үшін, оның асыл денсаулығына табиғат пен адам арасындағы күшті қатынастардың бір-біріне деген тылсым құдіретінің бар екенін, оның нәзік қатынастарын есептей келе, өте қарапайым амалдар арқылы емі жоқ қатқыл сырқаттарды көшіп-қонып жүріп-ақ емдеп жазған. Қазақ даласында емі жоқ ауру болмаған. Қазақ ұлтының осы зерек ой-парасаты, асқан талап-таланты - бұл әлемде теңдесі жоқ дүние.

четверг, 1 марта 2018 г.

Алтын босаға.kz журналына оқырман хаты



Қымбатты Алтын босаға!

         Сіздердің 2017 жылғы №2 (47) ақпан айында басылып шыққан санында Үрмет емшінің емін алып, қазіргі кезеңнің қасіретіне айналған обыр (рак) сырқатынан жазылған адамдардың мақаласында өздерінің сырқаттан таза жазылғанын ашық жазған мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақала кімнің де болса құлағын елең еткізетін үлкен жаңалық.
         Обыр сырқатын бағындырған қандай азамат, бұл шын мәнінде рас па? Адамға ой тастаған мына мақалада кертартпа, сенбеушілік ойлар бойды билегенмен, әбден аурудан қиналған, өз өмірімізден өзіміз түңіліп, үмітіміз үзіліп, кімнен жан араша сұрарымызды білмей бүкіл дүние тарылып, сандырақ сезімдер жаңылып, әлсіреп, боркеміктеніп сөнуге ғана уақыт қалған.
         Әрнәрсенің орны бар. Өзің жүріп, өзің өткен өміріңе өзің куәсің. Қиыннан қиыстырып, сөз салмақтамай-ақ, көргенімізді таразыламай-ақ шын әрі дәл өзін баяндағанымыз дұрыс деп шештік.
         Обырдың әртүрлі ісіктері, түйіндеп кеткен, кесілген-тесілген, бармаған жері жоқ әлсіз, тамағынан ас өтпеген біздер Оңтүстік Қазақстанда тұратын Үрмет емшіге келуге "Алтын босаға" журналы себепкер болды.
         Алғашқы он күн ішінде атаның емін алған біздер аурудан ес жия бастадық. Жүре алмай келгендер өз бетімен жүріп, өңешінен ас өтпегендер тамақ жеп, жан-жағымызға қарап, көзімізге жанар кіріп кәдімгідей әлдендік. Бұл не құдірет, қандай күш?
         Үрмет ата академик емес, профессор емес, тіпті ғылыми еңбек жазып жүрген адам да емес. Ата-тегінен емшілік қонған, киелі ұрпақ өкілі. Бұл үйретілмейтін, көзге көрінбейтін, зерттеуге және ғылыми дәлелдеуге жатпайтын, ана жатырында пайда болған дарын, қазақшалап айтқанда әулиелік.
         Үрмет ата өте қарапайым, қазақи адам, ол кісінің дыбысында адам денесіне ерекше әсер ететін қасиеті бар, сөзі зерек, адам қиялында жоқ тың ойлармен өте шешен әңгімесінің өзі үлкен ем.
         Бүгінде Үрмет ата жетпіс екіде. Сыры белгісіз сұрқия әрі құпия, емі табылмай жүрген, ет пен сүйек арасындағы өлі денеге айналған мыңдаған жасушаларды қайта жаңарту әншейін айта салатын сөз емес, бұл терең тылсым күш, мың емес түменнен бір кездесетін ұлық адам. Үрмет ата күні бүгінге дейін емі табылмай келе жатқан обыр (рак) сырқатына тосқауыл қойып, одан адамның жазылатынын дәлелдеп отыр. Бұл тек біздің халық, қоғам ғана емес, бүкіл дүние жүзі үшін өте маңызды жетістік екені сөзсіз.  
         Біз ол кісінің қасиетті емінен шипа дарыған адамдар Үрмет атаның емінен кейін сырқатымыздан айыққанымызды жазуды жөн көрдік.

Менің атым Гүлсара. Тараз қаласынанмын. Обыр сырқатымен ауырдым. Бір жылдан аса тамағымнан ас өтпей қиналдым. Төрт рет химиотерапия алдым, алайда нәтиже болмады. Ағайын-туыстарым менен күдерін үзе бастады. Өлетінімді өзім де сезе бастадым. "Алтын босаға" журналынан бауырларым оқып, Үрмет емшіге алып келді. Көп айта беріп не қылайын, 42 күн емін алып, құлан таза жазылдым. Қазір барлық ас-ауқатымды ішіп те жеп те жүрмін. Бұл кісінің әулиелік құдіретін айтып жеткізу қиын. Біз білмейтін бір тылсым күш бар. Небір жанынан күдерін үзгендер келіп, ауруынан жазылып жатыр. Бұл жай нәрсе емес, Үрмет атаның емін алған адам бір институтты оқып бітірген адамдай. Әулиеліктің не екенін, адамның санасынан тыс құдіретті күшті өз көзіңмен көресің. Үрмет ата, сізге басымды иемін.

Менің атым Лайық, Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қазалы ауылынан келдім. 12 жыл аурудың азабын шектім. Маған қойылған диагноз бауыр циррозы. Соның салдарынан денем ісіп-кеуіп кеткен еді. Одан басқа, дәрет жолдарымнан тек жасанды жолмен ғана зәрімді алады, бір күнде екі рет жедел жәрдем шақыртып жататын едім. Мен бармаған жер қалмады. "Алтын босағадан" оқып, Үрмет емшінің алдына келдім. Үрмет атаның емін алып, 9 күн дегенде зәрім бұрынғыша өз бетінше шыға бастады. 20 күн ем алғанымнан соң, бауырым кішірейіп, ісіктерім кетіп, қалпына келді. Үрмет атаның емінен кейін бір қалта дәрі-дәрмекті лақтырып жібердім. Жалпы ол кісі емдеу барысында дәрісіз, шөпсіз ем жүргізеді. Адам санасынан тыс күш Үрмет атаға берілген. Қазіргі заманымыздағы шын әулие адам. "Алтын босаға" журналына мың алғыс. Бойына құдіретті Құдай берген адам ғана шын емші. Қазақ ұлтынан шыққан Үрмет ата жалғыз Оңтүстіктің емес, бүкіл халқымыздың ақиық, дарынды ғажайып емшісі.

Мен Қоңыр, Қарағанды облысы, Ақадыр станциясында тұрамын. Мен жүре алмайтын едім. Жол апатынан бел омыртқам сынған. Оның үстіне кеудеме түйін пайда болып, Қарағандыда ота жасатқанмын. Сонда да ол жерім ауырып, тоқтамады. "Алтын босаға" журналынан Үрмет емші туралы мақаланы оқып, келдім. Емшінің үйіне еңбектеп кірдім, 40 күн емделіп, аяғымнан тұрдым. Сынған белім жазылды. Оған қоса, кеудемдегі түйін де жойылды. Бел омыртқамның сүйегі өмір-бақи бітпей қойған еді. Омыртқам шорланып бітті. Еңбектеп келіп едім, өз аяғыммен жүріп үйіме қайтып барамын. Менің айтайын дегенім, өл ұлтымыздан шыққан осындай дарынды адамды осы уақытқа дейін ешкімнің қолдамағаны өте өкінішті. Адамның асыл құдіреті ол денсаулық. Ауырмаған адам жан қадірін түсінбейді. Үрмет емшінің тұрған жері өте қолайсыз. Жақын маңдағы үйлер үйіне жүргізбейді. Ауырып келген адамдар жатын орын іздеп әбігерге түседі. Жатын орынның болмауына байланысты, кішкентай ғана үйінде емделушілер сығылысып жатады. Алыстан келген науқастарға осы жағы қиын. 

                                                                                                                                                              Мен – Бейсенбек, Қостанай облысы, Амангелді ауданынан келдім. Асқазан, бауыр, бүйректерім ауырып, жылдар бойы аурудың азабын шектім. Үрмет атаның емін 40 күн қабылдап, жазылып, ауылға қайтып барамын. Мұндай өзгеріс менің денсаулығымда болған емес. "Алтын босаға" журналына алғысымды айтамын. Үрмет атаға басымды иемін. 

 Менің атым Қабай. Жасым 91-де. Үрметтің емінен кейін мен денсаулығым жақсарып, жасарып отырмын. Осыдан жиырма жыл бұрын өте қатты науқастанып, адам қатарына қосылуым мүмкін емес еді. Үрметтің емінен кейін жазылдым. Осы жылы қан қысымым өте қатты көтерілген соң, келіп емін алдым. Қазір денсаулығым қалыпты. Жылына бір курс емін аламын. Үрметтің емі адамды жасартады. Менің жасымның тоқсаннан асуына Үрметтің емі себепші, бұл ем әлемде жоқ.
        
Мен Бегайдар, ОҚО, Мақтарал ауданында тұрамын. Үш жыл бойы сырқаттың азабын шектім. Жүре алмай, арбаға таңылдым. "Алтын босаға" журналынан оқып, Үрмет атаға емделуге келдім. Бір аптаның ішінде үш жыл жер басып жүрмеген аяғым жүрді, несін жасырайын, дәрі-дәрмектің кері әсерінен үсті-басымда сау жерім жоқ, қызыл қотыр болып кеткен еді. Жараларым да ізім-қайым жоқ болды. Арбаны тастап, өз аяғыммен жүргенімде, қуанышымда шек болмады. Жылуы жоқ біреудің үйін жалдап жаттық. Өз аяғыммен жүрген соң, қиналғанымыз ұмытылды.
         Бұл кісінің құдіретін көп адам білмейді. Атүсті қарап өте шығады.  
        
Менің атым Сухраб, Арыс қаласының тұрғынымын. 2014 жылы күзде емделуге келдім. Менің ауруым ішімдік ішіп кәдімгі мәңгүртке айналған кесел. Осы ішімдік ішуді тоқтатамын деп ата-анамның апармаған жері қалмады. Оның несін айта берейін, Үрмет атаның бірінші емін алғанда, мен әбден лоқсып, өлердей болдым. Бұл кісінің емін толық алып, осы ішімдік деген жаман әдеттен ат құйрығын кесіп құтылдым. Әр аурудың киесі болады, ішімдік ішкендердің бойын жын билейді. "Қойдым, енді ішпеймін" деп ауыз айтқанмен, жүйкесін басқара алмайды. Ішімдікке салынған адамның бет-аузы өзгеріп, көздері талып өмірге деген көзқарасы, ойлауы жойылады.
         2017 жылы мен Үрмет атаға тағы да келдім. Қысқы күні боранда далада қалып суықтап, ауырдым. Бүкіл жынысым, тоқ ішегім ауырып, ауруханада емделдім. Бірақ ол нәтижесіз болды. "Тоқ ішек жарамайды, ісікке ота жасаймыз" деді. Мен көнбей, тағы да Үрмет атаға келіп емделдім. Бұл құдіретке не айтасыз. "Мандам тамырың жуандап кеткен" деп Үрмет ата тамырымды кесіп, 70 тамшыдай қан алды. Құранмен 20 күн дем салып, аурудан тап-таза жазылып шықтым. Бұл кісінің қан алу тәсілі қанды сорып алмайды, тамшылатып санап алады. Үрмет ата "Адам ауырғанда қан ауырады, қан адамның жаны. Адамды жаңарту құдіретті құран сөздері арқылы ми құрамын күшейту. Обыр ауруы кескенге бағынбайды. Обырдың мандам тамырын қиып кескенде көзден, тілден жабысқан, қанды қарайтып бара жатқан аурудың күшін жояды. Көзге де, тілге де, шошынып жиіркенгенге де адам қорғаныс қоя алмайды. Бұл сырқаттарды жоюда әрқайсысының өз емі бар" дейді.
         Ұлтымыздың мақтанышы дегеннен басқа бұл кісіге айтар алғысымнан басқа сөзім жоқ. Қаншама жылдар бойы сыр ашпаған емінің құпиясын емделген адамдар өтініш білдіргеннен кейін обыр сырқатын соңғы 3-4 жылдан бері емдейтінін ашық жазуға рұқсат беріпті.
         Үрмет атаның мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақсукент (Белые-воды) ауылы, Б.Райымбеков көшесі 15 үй. Тел: 8-7014106486,            8-7051055851